15.10.2026
Кафедра ұстаздары оқушыларға бағыт-бағдар берді
15.10.2025 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, Кәсіби бағдар басқармасының ұйымдастыруымен өткен Талдықорған қаласы INOVERSE TALDYQORGAN жеке мектебінің 10-11 сынып оқушыларына: Филология факультеті Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.Қасен, кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты доцент Е.Молдасанов:
· Мамандық туралы ақпарат – мамандықтың ерекшелігі, міндеттері және қоғамдағы маңызы.
· Оқу орны туралы ақпарат – білім беру бағдарламасы, қабылдау талаптары, оқу мерзімі және мүмкіндіктері.
· Еңбек нарығы туралы ақпарат – жұмыс орындары, сұранысқа ие бағыттар, мансаптық өсу және жалақы мүмкіндіктері туралы таныстырып, сұрақтарға жауап берді