15.10.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ «Аяла» экоклубының Tamos Education International халықаралық мектебіндегі кездесуі!
«Аяла» экоклубының қызметі Tamos Education International мектебінде «Жасыл мұра» экоклубын құруға мотивациялық негіз болды.
Біздің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарымыз Tamos Education International оқушылары мен педагогтарына шабыт көзі болды.
2026 жылғы 13 қазанда Tamos Education International мектебінде жаңа «Жасыл мұра» экоклубының ашылуы өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының өкілдері, сондай-ақ Tamos Education International мектебінің басшылығы қатысты: А.Т. Хамзаинова (директор), К.Т. Қуанышбаев (директордың орынбасары), А.С. Альпейсова (география пәнінің мұғалімі).
Құттықтау сөз сөйлегендер: Қ.К. Муздыбаева – Жаратылыстану және география факультетінің ғылым жөніндегі декан орынбасары, Н.Д. Шакирова – Абай атындағы ҚазҰПУ География және экология кафедрасының меңгерушісі.
«Абай атындағы ҚазҰПУ – жасыл университетке қарай жол» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, «Аяла» экоклубының жетекшісі К.Ш. Бакирова баяндама жасады.
Іс-шара аясында «Аяла» экоклубының белсенділері Ж. Жанабай, Б. Нұрлыбекова, А. Сақытжан, А. Ерзатқызы оқушыларға 12R тұжырымдамасы бойынша тренинг өткізіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қағидаларымен таныстырды. Атап айтқанда, ресурстарды тиімді пайдалану, тұтынуды азайту, заттарды қайта пайдалану, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу мәселелеріне тоқталды.