14.10.2026
Кафедра әдіскерлері озық тәжірибемен бөлісті
2026 жылдың 13-ші қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының әдіскер-оқытушылары Алматы облысы, Іле ауданы №42 орта мектебі базасында «Ғалыммен сабақ: университет ғылымы – мектеп оқушысына» жобасы аясында ғылыми-әдістемелік іс шараға қатысты.
Бұл іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің деканы ф.ғ.к., доцент Ботакоз Тлеубекова, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ерлан Қасен, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Шоқанхан Құттыбаев, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Райгүл Рахметова, п.ғ.к., доцент Бидана Қабатай, PhD доктор Айжан Юсуп қатысып, озат әдіс, озық тәжірибесімен бөлісті.
Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Райгүл Рахметова мәтін мен грамматиканы сабақтастыра оқыту, әсіресе 4к моделінің мүмкіндіктерін 9 сынып оқушыларына өткізілген сабақ барысында сәтті пайдалана алды. Сабақ оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.