Қазіргі мектепке дейінгі білім беру туралы педагогикалық идеялар талқыланды

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру туралы педагогикалық идеялар талқыланды

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық күнтізбесіне сәйкес 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары педагогикалық практикадан өтуде.

Аталған мамандықтың докторанты Алимкулова Талша Сериккызы (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор К.У.Козыбаевна) ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде (сағат 17:00-де) 8D01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының – оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес 2-курс магистранттарына «Мектепке дейінгі білім берудің ұлттық және әлемдік моделі» пәні бойынша «Қазіргі мектепке дейінгі білім беру туралы педагогикалық идеялар» тақырыбында ашық сабақ (дәріс) жүргізді.

Дәріс барысында Т.С. Алимкулова қазіргі мектепке дейінгі білім берудің негізгі педагогикалық идеяларына, оның бала тұлғасын жан-жақты дамытудағы маңызына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи бағыттарына жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, балаға бағдарланған оқыту, баланың дербестігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, ойын арқылы оқыту, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру және білім беру ортасын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім берудің дамуына үлес қосқан белгілі педагог-ғалымдардың, атап айтқанда М. Монтессори, Ф. Фребель және Дж. Дьюидің педагогикалық идеяларына сипаттама беріліп, олардың қазіргі мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі маңызы талқыланды.

Оқыту үдерісінде магистранттардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті әдістер мен заманауи цифрлық технологиялар тиімді пайдаланылды.

Ашық сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: К.У.Козыбаевна,  К.Р.Елеупановна, Е.С.Жомартовна, Ж.А.Жумабековна сондай-ақ 2-курс докторанттары қатысты. Сабақ барысында магистранттар тақырып бойынша пікір алмасып, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы салыстырмалы педагогиканың ғылым ретіндегі мәні, негізгі міндеттері мен зерттеу әдістері туралы білімдерін бекітті. Сонымен қатар, салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін талдап, әртүрлі білім беру жүйелерін салыстыру дағдыларын қалыптастырды.

Артқа қайту