13.10.2026
Нағима Ильясова «PISA форматындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында баяндама жасады
2026 жылғы 13 қазанда Алматы облыстық әдістемелік орталығы «Оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеу тапсырмаларын оқу үдерісінде қолдану» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы Нағима Әбзелбекқызы Ильясова «PISA форматындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Вебинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.