«КЕРІ ЕСЕПТЕР, МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

«КЕРІ ЕСЕПТЕР, МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

2026 жылғы 4 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Кері есептер, математикалық модельдеу және жасанды интеллект» халықаралық ғылыми конференциясы «Математика және физика» және «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» бірлесіп ұйымдастырады.

Конференция 2026 жылғы 3–4 қарашада Алматы қаласында өтетін Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі (WC MSE-2026) аясында ұйымдастырылады (https://www.immash.kz/ru/icme-2026ru/#conferences). Конгрестің ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы. Іс-шара жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен өткізіледі.

Конференцияның мақсаты — ғылымның өзекті мәселелері мен заманауи жетістіктерін талқылау, математикалық модельдеу, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника және инженерлік ғылымдарды дамытудың басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ пәнаралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Ерекше назар инновациялық өсудің негізгі драйвері ретінде жасанды интеллектіні дамытуға, халықтың цифрлық құзыреттілігін арттыруға және жоғары білікті IT-мамандарын даярлауға аударылады.

Артқа қайту