Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Алматы қаласының студент жастары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, медиасауаттылықты дамытуға, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және «өшпенділік тілінің» алдын алуға бағытталған зияткерлік квест өтті.

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Алматы қаласының студент жастары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, медиасауаттылықты дамытуға, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және «өшпенділік тілінің» алдын алуға бағытталған зияткерлік квест өтті.

2026 жылғы 9 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Алматы қаласының студент жастары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, медиасауаттылықты дамытуға, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және «өшпенділік тілінің» алдын алуға бағытталған зияткерлік квест өтті.

Квестке төрт команда қатысты: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; «Тұран» университеті; «Ассамблея жастары» құрама командасы.

Квесттің жетекші-эдвайзерлері ретінде тренер-аналитик, әлеуметтану саласының сарапшысы А.Е. Ешмағамбетова және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Р.А. Қайыриев қатысты.

Зияткерлік квест қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

  • I орын – «Тұран» университетінің командасы;

  • II орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасы;

  • III орын – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің командасы;

  • Алғыс хат – «Ассамблея жастары» құрама командасы.

Іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық және медиасауаттылығын арттыруға, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, тілдік және этностық төзімсіздік көріністеріне қарсы тұру дағдыларын дамытуға, сондай-ақ этносаралық келісім қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.

Ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, студенттік командаларды дайындағаны үшін алғыс білдірілді: Ж.Қ. Симтиковке, А.М. Сералиеваға, Т.Ф. Даулбаевқа.

Іс-шаралар әлеуметтік жобаны іске асыру аясында өткізіліп, толерантты білім беру ортасын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және жастар арасында өзара құрметті нығайтуға бағытталды.

Артқа қайту