08.10.2026
Университеттердің ғылыми-білім беру бағдарламаларына өшпенділік тілінің алдын алудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті.
2026 жылғы 8 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Университеттердің ғылыми-білім беру бағдарламаларына өшпенділік тілінің алдын алудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен жастар құрылымдарының басшылары қатысты. Модератор ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Б.М. Нарбекова сөз сөйледі. Кездесуде сарапшылар қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың және академиялық ортаның өкілдері А.А. Кан, Н.П. Калашникова, А.Г. Сатвалдиев және Ж.К. Симтиков спикер ретінде сөз сөйледі. Кездесу барысында өшпенділік тілінің алдын алу, білім беру үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, этносаралық келісімді нығайту, сондай-ақ әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу мәселелері талқыланды.