Көшпенділер өркениеті

Көшпенділер өркениеті

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мұрат Әуезов атындағы конференция залы ашылды. Игі шараға ғалымның қызы Зифа Әуезова арнайы Германиядан келді. Әрі Мұрат Әуезовтың бастамасымен жазылған ««Қазақтың дәстүрлі өнері арқылы әлемді тану. Көшпенділер - "Эстетика" атты монографиялық еңбектің 50 жылдығына орайласқан халықаралық конференция өтті. Алқалы басқосуға АҚШ, Түркия, Швеция сынды  7елден келген ғылым өкілдері мен отандық сарапшылар қатысты. Зиялы қауым құнды еңбекті жән-жақты талқылап, жаһандану кезеңінде бір егей құндылықты қалай сақтап қалу туралы өз пайымдарын айтты. Айта кетсек, кітап 1976 жылы жарық көрген. Десе де сол тұстағы идеологияға байланысты қатаң шектеуге ұшырапты. Ал жарты ғасырдан кейін қайта басылып шығып, қалың оқырманға жол тартты.

ЗИФА-АЛУА ӘУЕЗОВА
ТҮРКОЛОГ, МҰРАТ ӘУЕЗОВТІҢ ҚЫЗЫ

"Мен өзім шығыс танушымын, сол үшін де бұл шара маған өте маңызды. Мен өзім араб тілінде жазылған қолжазбаларды зерттеп, сол туралы бірнеше мақала шығарған едім. Менше бүгінгі жаңа ұрпақ үшін сол білімді үйреніп білу өте маңызды деп ойлаймын."

Артқа қайту