09.10.2026
ФРАНЦИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯ ТҮСТІ
Абай атындағы ҚазҰПУ өзінде ашылған Лотарингия университетінің филиалы негізінде Францияның жетекші университеттерімен стратегиялық серіктестікті нығайта түсті.
2026 жылғы 9 қазанда Лотарингия университетінде (Франция)
төрт университет басшыларының стратегиялық отырысы өтті. Отырысқа Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Францияның үш жетекші жоғары оқу
орны қатысты. Жиын халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен
білім беру және ғылыми бастамаларды дамытуға, сондай-ақ Лотарингия
университетінің Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы филиалының қызметін стратегиялық
серіктестік форматында нығайтуға бағытталды.
Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясының құрамында Басқарма
Төрағасы – Ректор Болат Тілеп, «Сорбонна–Қазақстан» институтының және Абай университеті
жанындағы филиалының директоры Айнур Сабитова, Халықаралық ынтымақтастық
департаментінің директоры Баян Сапарғалиева болды.
Стратегиялық отырысқа Лотарингия университетінің
президенті Элен Буланже (Hélène Boulanger), Реймс Шампань-Арденн
университетінің президенті Кристоф Клеман (Christophe Clément), сондай-ақ
Пуатье университеті президентінің атынан өкілдік еткен профессор Фредерик Ришар
(Frédéric Richard) және Франция жоғары оқу орындарының вице-президенттері
қатысты.
Кездесудегі күн тәртібіндегі мәселе Лотарингия
университетінің Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы филиалын француз
университеттерімен стратегиялық серіктестік форматында одан әрі дамыту жайы болды.
Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, бірлескен және
қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруға, ғылыми-зерттеу өзара
іс-қимылын нығайтуға және университеттік ынтымақтастықтың орнықты халықаралық
моделін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Стратегиялық отырыстың басты нәтижесі – төрт университеттің стратегиялық ынтымақтастық форматындағы филиалды іске асыру саласында Ниет хатына (Letter of Intent on Strategic Cooperation) қол қоюы болды. Құжат тараптардың Лотарингия университетінің Абай университеті жанындағы филиалы аясында ұзақ мерзімді көпжақты стратегиялық серіктестікті дамытуға ортақ мүдделілігін бекітеді. Бұл серіктестік қазақстандық және француз университеттерінің білім беру, ғылыми және институционалдық әлеуетін біріктіретін болады.
Құжатқа қол қою өзара іс-қимылдың жаңа форматын институционалдық тұрғыда рәсімдеудің маңызды кезеңі болды. Бұл филиалды одан әрі дамытуға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен білім беру мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Аталған бастаманы іске асыру Абай университетінің қазақстандық
және еуропалық жоғары білім беру жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз
ететін, Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру және ғылыми байланыстардың
дамуына ықпал ететін халықаралық академиялық алаң ретіндегі беделін нығайтуға
сеп болады.
Стратегиялық отырыс барысында тараптар Еуропалық және
халықаралық конкурстарға, гранттық бастамалар мен бағдарламаларға, оның ішінде
Erasmus+ бағдарламасына бірлесіп қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай өзара
іс-қимыл академиялық алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге, қосымша қаржыландыру
тартуға, сондай-ақ бірлескен білім беру, зерттеу және институционалдық
жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Стратегиялық әріптестіктің ұсынылып отырған моделі әрбір
университеттің академиялық бейінін, институционалдық мүмкіндіктерін және
халықаралық ынтымақтастық саласында жинақтаған тәжірибесін ескере отырып,
белсенді қатысуына негізделеді.
Лотарингия университеті стратегиялық әріптестік аясында
филиалдың жалпы қызметін үйлестіреді. Бұл ретте Абай университеті жанындағы
филиалды одан әрі дамытуға басымдық беріп, халықаралық білім беру және ғылыми
бастамаларды іске асыруда жинақтаған тәжірибесіне сүйенеді.
Реймс Шампань – Арденны университеті мен Пуатье
университеті өздерінің академиялық бағыттары мен мамандану салаларына сәйкес
филиалдың бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге әрі іске
асыруға қатысады. Ынтымақтастықтың нақты бағыттарын барлық серіктес өзара
мүдделерді, басымдықтар мен қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, бірлесіп
айқындайды.
Абай университеті қазақстандық негізгі серіктес ретінде ұлттық деңгейдегі бірлескен қызметті үйлестіруді, академиялық ұтқырлықты дамытуды, білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ оларды Қазақстан мен Орталық Азияның білім және ғылым кеңістігіне интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастықтың мұндай форматы университеттердің
институционалдық және зияткерлік ресурстарын біріктіруге, пәнаралық
зерттеулерді дамытуға, озық академиялық тәжірибе алмасуға және жоғары білім мен
ғылымның жаһандық трансформациясы жағдайында сұранысқа ие жоғары білікті
мамандар даярлауға негіз қалайды.
Лотарингия университеті филиалын Лотарингия
университетімен, Реймс Шампань — Арденны университетімен және Пуатье
университетімен стратегиялық әріптестік аясында дамыту Абай университетінің одан
әрі халықаралық қызметін нығайтуға, білім беру бағдарламаларының сапасы мен
халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар
және жас ғалымдар үшін академиялық әрі зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жаңа
перспективалар ашады.
Бұл бастама жоғары білім мен ғылым саласындағы
Қазақстан–Франция ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ Абай университеті
базасында жетекші шетелдік университеттердің әлеуетін біріктіруге мүмкіндік
беретін халықаралық институционалдық форматтарды дамыту тұрғысынан ерекше мәнге
ие.
Лотарингия университетінде өткен стратегиялық отырыс Абай
университеті жанындағы Лотарингия университетінің филиалын академиялық сенімге,
өзара тәжірибе алмасуға, институционалдық сабақтастыққа және тұрақты
нәтижелерге қол жеткізудегі ортақ мүдделілікке негізделген ұзақ мерзімді
көпжақты стратегиялық әріптестік ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам
болды.
Төрт университеттің Лотарингия университетінің филиалы
аясындағы стратегиялық әріптестігі жоғары білімді, педагогика және құқық
ғылымдарын дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ
Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға жаңа
мүмкіндіктер ашады.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру Қазақстанның тұңғыш педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан, Франция және Еуропаның университеттік кеңістігінің білім беру және ғылыми әлеуетін біріктіретін халықаралық академиялық ынтымақтастықтың маңызды орталықтарының бірі ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.