09.10.2026
Жатақхана студенттеріне арналған психологиялық тренинг өтті
Жатақхана студенттері арасында қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ топтық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында «Топтық қарым-қатынас және өзара сенім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнатуына, өзара сенім мен қолдауды қалыптастыруына, командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуына бағытталған психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, бірлескен тапсырмаларды орындау арқылы топтағы әр адамның рөлі мен жауапкершілігінің маңызын түсінуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар тренинг барысында қарым-қатынас кезінде тыңдай білу, өз ойын ашық әрі дұрыс жеткізу, өзгенің пікірін құрметтеу және туындаған келіспеушіліктерді конструктивті түрде шешу мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында өзара сыйластыққа, сенімге, қолдауға және ынтымақтастыққа негізделген қолайлы әлеуметтік-психологиялық орта қалыптастыру.
Мұндай іс-шаралар студенттердің жатақхана жағдайына бейімделуіне, тұлғааралық қарым-қатынасты нығайтуына және біртұтас әрі қолайлы студенттік орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға университеттің 7 жалдамалы жатақханасынан 100-ге жуық студент қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі