«Сөз бен сезім сабақтастығы» – қаламгермен сырлы сұхбат

«Сөз бен сезім сабақтастығы» – қаламгермен сырлы сұхбат

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде «Нұрдәулет Ақыш: сөз бен сезім сабақтастығы» тақырыбында қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, ұстаз Нұрдәулет Ақышпен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында Нұрдәулет Ақыштың прозалық туындыларына әдеби-теориялық тұрғыдан талдау жасалып, оның кейіпкер әлемін сомдау шеберлігі, адам болмысының ішкі иірімдерін ашудағы жазушылық ұстанымы және тілдік-көркемдік ерекшеліктері сөз болды. Ғалымдар мен оқытушылар қаламгер шығармаларының қазіргі қазақ әдебиетіндегі мән-маңызына тоқталып, әдебиет пен оқырман арасындағы рухани байланыстың өзектілігі жөнінде ой бөлісті.

Еркін форматтағы пікір алмасу және әдеби сұхбаттармен бастау алған кездесу студенттердің қаламгер шығармашылығына деген қызығушылығын арттырды. Мұндай тағылымды басқосулар жас ұрпақтың әдеби талғамын қалыптастырып қана қоймай, көркем сөздің адам тәрбиесіндегі маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Артқа қайту