06.10.2026
«Арт-терапия: шығармашылық арқылы эмоцияны тану және ішкі ресурсты қалыптастыру»
2026 жылғы 6 қазан күні сағат 15:00-де Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті, Көркем білім кафедрасында 1-курс студенттеріне арналған «Арт-терапия: шығармашылық арқылы эмоцияны тану және ішкі ресурсты қалыптастыру» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің эмоциялық жағдайына қолдау көрсету, өз сезімдерін шығармашылық арқылы танып, еркін жеткізуіне мүмкіндік беру және жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
Іс-шараның негізгі міндеттері – студенттердің эмоцияларды тану және бейнелеу дағдыларын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, ішкі ресурстарын анықтауға ықпал ету және топтық қарым-қатынас мәдениетін нығайту.
Тәрбие сағаты интерактивті воркшоп және шеберлік сыныбы форматында ұйымдастырылды. Студенттер арт-терапиялық жаттығуларды орындап, шығармашылық үдеріске белсенді қатысты.
Шара барысында «Эмоция түсі», нейрографикалық жаттығу, «Дақтағы бейне», «Менің ресурсым» сияқты шығармашылық тапсырмалар орындалды. Студенттер өз көңіл-күйлерін түстер, сызықтар, бейнелер және коллаждар арқылы шығармашылық түрде жеткізді.
Топтық жұмыс барысында студенттер бір-бірінің пікірін тыңдап, өзара қолдау көрсетіп, ортақ шығармашылық жұмыстар жасады. Еркін шығармашылық орта студенттердің белсенділігін арттырып, жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Тәрбие сағаты соңында рефлексия жүргізіліп, студенттер өз әсерлерімен бөлісті. Шара студенттерге шығармашылық қабілеттерін танытып қана қоймай, өз эмоцияларын түсінуге, ішкі ресурстарын сезінуге және топ ішінде еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Өткізілген орны: №7 аудитория
Қатысушылар: 1-курс студенттері
Форматы: интерактивті воркшоп / шеберлік сыныбы
Жауаптылар: 2-курс докторанттары Жиекбаева Төлеубала, Күмісбекова Мөлдір
Ұйымдастырушы: Көркем білім кафедрасы.