Ұлы ұстаз есімі құрметтелді

Ұлы ұстаз есімі құрметтелді

2026 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы А.П.Чехов атындағы Орталық ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырушы әдіскер, ғалым  Башен Баймұратқызының 100 жылдық мерей тойына орай «Ғылымға жетелеген ұстаз» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. 

Іс-шара Ішкі саясат қағидаттарының саяси гуманитарлық иделогиясының жоспарына сәйкес және Ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылды. 

Кездесудің негізгі мақсаты - Башен Баймұратқызының ұстаздық және ғылыми жолын, білім мен ғылым саласына қосқан үлесін кеңінен насихаттау, оның өнегелі өмірі мен кәсіби қызметін кейінгі ұрпаққа үлгі ету болды. 

Іс-шараға Башен Баймұратқызының қызы Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, аудармасы Самал Бердібекқызы Соқпақбаева мен ұстаздың шәкірттері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің професссоры, п.ғ.д. Амина Амирова, профессор м.а., п.ғ.к. Галия Таубаева  және 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. 

Әдеби-танымдық кеш барысында шәкірттері мен замандастары ғалым-ұстаз туралы естіліктерін айтып, оның кәсіби болмысы мен адамдық қасиеттері жөніде ой бөлісті. Башен Баймұратқызының ғылыми педагогикалық мұрасы мен шәкірт тәрбиесіндегі орнына ерекше назар аударылды. 

Артқа қайту