«Болашақ» бағдарламасы: білім беру менеджментіндегі халықаралық тәжірибе

«Болашақ» бағдарламасы: білім беру менеджментіндегі халықаралық тәжірибе

2026 жылғы 6 қазанда Филология факультеті, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ» бағдарламасы: білім беру менеджментіндегі халықаралық тәжірибе» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Ғылыми семинарды PhD, қауымдастырылған профессор Жайдаркүл Беласарова және PhD, қауымдастырылған профессор Гүлсамал Дюсембина жүргізді. Семинар барысында білім беру менеджментін жетілдірудегі халықаралық тәжірибенің маңызы, заманауи білім беру жүйесіндегі басқару үдерістерінің ерекшеліктері және шетелдік тәжірибені отандық білім беру кеңістігіне тиімді енгізу мәселелері талқыланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Болашақ» бағдарламасы аясында білім беру менеджменті бағытында жинақталған халықаралық тәжірибені зерделеу, заманауи басқару модельдері туралы кәсіби түсінікті кеңейту және озық тәжірибелерді білім беру саласында қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.

Семинар барысында білім беру ұйымдарын басқарудың тиімді тетіктері, көшбасшылық, стратегиялық жоспарлау, академиялық ортаны дамыту, білім сапасын арттыру және басқарудағы инновациялық тәсілдер жөнінде мазмұнды пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар халықаралық тәжірибені ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен сабақтастыра қолданудың өзекті мәселелеріне назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, білім беру менеджментін жетілдірудің перспективалары жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Артқа қайту