Италиялық профессор Абай университетінде дәріс оқыды

Италиялық профессор Абай университетінде дәріс оқыды
Италиялық профессор Абай университетінде дәріс оқыды

Қазақстан мен Италия ғалымдарының ынтымағы жаңа белеске көтерілді

Профессор Джусти факультет қызметкерлерімен
Мария Тереза Джусти«Г. д’Аннунцио» университеті, Кьети–Пескара
21–26 қыркүйек 2026Арнайы ғылыми сапар
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіТарих және құқық факультеті

Италияның Кьети–Пескара қаласындағы «Г. д’Аннунцио» университетінің профессоры Мария Тереза Джусти Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне арнайы ғылыми сапармен келді. Сапардың мақсаты Қазақстан мен Италия арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайту, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми және академиялық тәжірибе алмасу болды.

Профессор Мария Тереза Джусти университет басшылығымен, халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдерімен, Тарих және құқық факультетінің деканы Г.К. Кенжебаевпен және факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесулерде ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық байланыстарды кеңейту және бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Италиялық маман Тарих және құқық факультетінің ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің қызметімен, оның ішінде «Айтылған тарих» ғылыми зертханасы және «DHLab: Цифрлық тарих және білім беру» халықаралық оқу-ғылыми зертханасының жұмысымен танысты.

Ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, профессор студенттерге дәрістер өткізді. Кездесулер мен пікірталастар барысында Қазақстан тарихын кеңестік және еуропалық тарих контекстінде зерттеу мәселелеріне, заманауи зерттеу тәсілдеріне және академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Сапар көріністері

Профессордың студенттерге дәрісі
Студенттер мен жас зерттеушілерге дәріс
Профессор Мария Тереза Джусти
Профессор Мария Тереза Джусти
Кездесу
Ғалымдардың ашық әңгімесі
Айтылған тарих зертханасы
«Айтылған тарих» зертханасында
Студенттермен бірге
Студенттермен бірге