06.10.2026
Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша VII халықаралық студенттік байқау
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасы студенттерді Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша VII халықаралық студенттік байқауға қатысуға шақырады.
Байқау
қашықтан өткізіледі. Жұмыстар 2026 жылғы 13 қазаннан 10 қарашаға дейін
қабылданады. Нәтижелер 2026 жылғы 23 қарашада жарияланады. Байқауға қазақ, орыс
және ағылшын тілдерінде қатысуға болады.