05.10.2026
УНИВЕРСИТЕТ МЕКТЕПКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҮЙРЕТЕДІ
Республика орта білім жүйесі Мұғалімдер күнін мерекелеп жатқан 5 қазан
педагог мамандарын даярлауда көшбасшы Абай университеті үшін тағы бір жағымды
жаңалықпен толықты. Университет оқытушы-профессорлар
құрамы дайындаған бағдарламалар Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің реестріне
енгізілді.
Бұл қара шаңырақтың жасанды
интеллект, «Ai-Sana», цифрландыру бағытарында сапалы жұмыс істеп отырғанын
айғақтайды. Сонымен қатар Мұғалімдер күні қарсаңындағы аталған жағымды жаңалық
– Абай университеті ғалымдарының еліміздегі педагог-мамандарды
кәсіби деңгейде дамытуға
маңызды үлес қосып отырғанын дәлелдейтіні
сөзсіз.
Естеріңізге сала кетсек, 2024–2026 жылдары
университеттің оқытушы-профессорлар құрамы жалпы білім беретін мектеп,
арнайы білім беру ұйымдары мен техникалық және
кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арнап
53 біліктілікті арттыру
курсының білім беру бағдарламасын әзірлеген
болатын. Бағдарламалар Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сараптамасынан өтіп, тиісті тізілімге енгізілген. Оның негізінде мектеп
мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып,
тыңдаушыларға сертификаттар табысталып та келеді.
Енді биылғы оқу жылында ҚР Оқу-ағарту
министрлігінің тізілімі Абай университеті әзірлеген жаңа бағдарламалармен
толықты. Олардың қатарында қазақ және орыс тілдерінде
дайындалған «Педагог зерттеуші ретінде: Action Research негізінде мұғалімнің тиімді
трансформациясы» (авторы п.ғ.д., профессор А. Е.
Берікханова), «Жасанды интеллект – білім берудің жаңа құралы» (авторлары п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Т. Ошанова,
магистр, аға оқытушы П.Б. Сейсенбекова)
атты курстар бар. Бұдан өзге орыс тілінде жасалған «Прикладной анализ
поведения при расстройствах аутистического спектра»
(авторлары п.ғ.к., доцент
Г.А. Абаева, профессор З.Камар) курсы да тізілімге енді.
Бұл бағдарламалар – бүгінгі мұғалімге қажетті заманауи зерттеу
мәдениетін, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды және ерекше білім
беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіби жұмыс істеу дағдыларын дамытуға
бағытталған. Бағдарлама ерекшеліктері
– жасанды интеллект туралы теориялық түсінік берумен шектелмей, оны нақты
сабақта қолдануға бағытталуында. Осы арқылы мұғалім технологияны жай
пайдаланушы емес, оны оқу мақсатына тиімді бағындыра алатын маман ретінде
қалыптасады.
Расында мектептің
болашағы технологияның өзінде емес, сол технологияны білім мен тәрбие мақсатына
тиімді пайдалана алатын мұғалімнің қолында. Демек, заманауи мұғалімнен мектеп өзгерсе,
одан қоғамның болашағы да жаңара түспегі анық.
«Abai University» медиа орталығы
Фото ЖИ көмегімен жасалды