02.10.2026
Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады
Құрметті бакалавриат және магистратура
студенттері!
2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде
Еуропа елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия (Корея Республикасы)
университеттерінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға 2
және 3 курс бакалавриат студенттері мен 1 курс магистранттар үшін конкурс
жарияланады.
Осыған байланысты академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген студенттер қажетті құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық департаментінің a.fantanskaya@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштасына төмендегі мерзімдерге дейін жіберулері қажет:
2026 жылғы 16 қазанға дейін – Оңтүстік-Шығыс
Азия елдеріне (Корея
Республикасы);
2026 жылғы 15 қарашаға дейін – Еуропа елдеріне.
Хат тақырыбында міндетті түрде «Академиялық ұтқырлық Еуропа/Корея және өз АТӘ» деп көрсету қажет.
• Ағылшын немесе корей тілін білу деңгейін растайтын сертификат (IELTS
кемінде 5,5, TOEFL, DELF немесе TOPIK);
• Шетелге шығу паспортының
түрлі-түсті көшірмесі;
• ABAI DIGITAL жүйесінен ағымдағы үлгерім транскриптінің электронды нұсқасы
(GPA 3,33-тен төмен емес);
• Whats App телефонының нөмірі.
Барлық сұрақ бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің a.fantanskaya@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштасына жіберулері сұраймыз.