01.10.2026
«Балалар поэзиясы анимацияда» байқауының финалы
2026 жылғы 30 қыркүйекте «Балалар поэзиясы анимацияда» байқауының финалы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – қазақстандық балалар поэзиясын насихаттау және заманауи жасанды интеллект технологиялары арқылы оны ұсынудың жаңа формаларын қалыптастыру. Қатысушыларға поэзиялық шығармаларға анимация жасап, оларды «жандандыру» ұсынылды.
Марапаттау рәсіміне Филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Тлеубекова Ботагөз Тұрғамбайқызы қатысып, байқау жеңімпаздары мен финалистеріне дипломдар мен сыйлықтар табыстады.
Байқау ҚР ҒЖБМ ҒК қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан «Жас ғалым» AP22685804 «Поэзияны зерттеуге арналған цифрлық платформаның интеграциялық әлеуеті» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жоба жетекшісі - PhD Молдағали Мадина Бауыржанқызы, ғылыми кеңесші - филология ғылымдарының докторы, профессор Абишева Сауле Джунусовна.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – Байбекова Эллада, 30 000 теңге ақшалай сыйлық;
II орын – Басарова Дарина, 20 000 теңге ақшалай сыйлық;
III орын – Бутарева Алиса, 10 000 теңге ақшалай сыйлық.
Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Байқау финалистері Зубкова Анастасия, Койшыбай Найля, Родлинова Румилям және Тураров Ерлан сертификаттармен және Олжас Сүлейменовтің кітаптарымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен финалистердің жұмыстары Literon.kz цифрлық платформасында жарияланды: https://literon.kz.
Байқау әдебиет, шығармашылық және цифрлық технологияларды тоғыстырған алаңға айналып, қазақстандық балалар поэзиясын цифрлық ортада ұсыну мен насихаттаудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.







