«Әдебиет теориясы» пәні аясындағы қонақ дәріс

«Әдебиет теориясы» пәні аясындағы қонақ дәріс

2026 жылдың 30 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және әдістемесі кафедрасының оқытушылары Г.Тоқшылықова мен Ж.Ашировтың ұйымдастыруымен "Әдебиет теориясы" пәні аясында 2 курс студенттеріне қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Ашық дәрісті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Қазақ әдебиеті және Әдебиет теориясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Солтанаева Еркінгүл Молотқызы өткізді. Басты концепциясы уақыт пен кеңістіктің көркем шығармадағы ажырамас синтезіне, яғни «уақыттың кеңістікте шоғырланып, кеңістіктің уақытқа бағыну, оны көрсету және ашу үдерісіне негізделген дәріс мағыналы да мазмұнды болды.


Сабақтың интерактивтілігін арттыру мақсатында көркем шығармадағы уақыт-кеңістіктің тоғысуын түсіндіру, көрсету мақсатында жүргізілген экспресс-тренинг дәрісті нәтижелі етті. Дәріс барысында айтылған тың, теориялық мағлұматтар арқылы студенттер хронотоп категориясы ғылыми термин ғана емес, көркем мәтінді оқудың кілті екендігін айқын түсінді.

Кафедра меңгерушісі PhD доктор Ш.Құттыбаев, кафедра оқытушылары Г.С.Каримова, С.Сыздықов, Ә.Байболдар әдебиеттегі терең тақырыпқа барған Еркінгүл Молотқызына шығармашылық табыс тілеп, ризашылық білдірді. Кафедраның ЖОО арасындағы байланысты нығайту, білім беру траекториясын кеңейту мақсатындағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Артқа қайту