Студенттер дәстүрлі музыка музейіне барды

Студенттер дәстүрлі музыка музейіне барды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Бастауыш білім беру (IP) бағдарламасының 1-курс студенттері топ тәлімгері С.Б. Жораеваның жетекшілігімен «Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы» музейіне танымдық экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің ұлттық музыкаға қызығушылығын арттыру, қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мұрасын таныту және ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу. Экскурсия барысында білім алушылар дәстүрлі музыкалық аспаптардың тарихы мен ерекшеліктерімен танысып, мультимедиялық технологиялар арқылы ұлттық өнердің заманауи үлгілерін тамашалады.

Танымдық кездесу студенттердің ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, рухани-эстетикалық дүниетанымының қалыптасуына оң ықпал етті.

Артқа қайту