30.09.2026
STEAM фестивалі
2026 жылғы 29 қыркүйекте педагогикалық практика аясында 8D01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты М.Т. Бекбаева 6В01302 – «Бизнес-инновациямен бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен бірлесіп, М. Бегалин атындағы №120 орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған STEAM фестивалін ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты – практикалық және ойын әрекеттері арқылы балалардың нақты ғылымдарға, техникалық шығармашылыққа және зерттеушілікке қызығушылығын арттыру.
Фестиваль бағдарламасы модераторлардың жетекшілігімен STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) станциялары бойынша қызықты саяхат түрінде өтті. Оқушылар модераторлардың көмегімен логикалық есептер шығарып, ғылыми тәжірибелер мен қызықты фокустар жасап, түрлі нысандар құрастырды.
Іс-шара оқушылар мен студенттердің STEM біліміне қызығушылығын арттыруға, балалардың білуге құштарлығын қолдап, дамытуға, ғылым, технология, инженерия және математиканың күнделікті өмірмен байланысын көрсетуге бағытталды. Фестиваль барысында оқушылар математика және технология станцияларында білімдері мен тапқырлықтарын танытып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Танымдық саяхат соңында балаларға «STEM фестиваліне қатысушы» дипломдары мен естелік сыйлықтар табысталды.