Тұғыры биік туған тіл: ұлттық құндылық және ұрпақ сабақтастығы

Тұғыры биік туған тіл: ұлттық құндылық және ұрпақ сабақтастығы

2026 жылғы 23 қыркүйекте Бастауыш білім беру (IP) бағдарламасының 1-курс студенттерімен топ тәлімгері С.Б. Жораеваның жетекшілігімен «Тұғыры биік туған тіл» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің ана тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын түсіндіру, тіл мәртебесін көтеруге деген азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер қазақ тілінің тарихы, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы ой бөлісіп, туған тілдің әр адамның ұлттық болмысын қалыптастырудағы маңызын талқылады. Студенттер өз ойларын ортаға салып, тілге құрмет – елге құрмет, ана тілін дәріптеу – ұлттық құндылықтарды дәріптеу екендігін түсінді.

Тәрбие сағаты студенттердің ұлттық сана-сезімін нығайтып, ана тіліне деген құрметін арттыруға, елжандылыққа, отансүйгіштікке, жауапкершілікке және рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелік ықпал етті. Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ретінде қазақ тілін құрметтеп, оның қадір-қасиетін жас ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын сезінді.

Артқа қайту