25.09.2026
Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 2-курс студенттерін Академиялық адалдық кодексімен таныстыру
2026 жылғы 25 қыркүйекте Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 2-курс студенттеріне Академиялық адалдық кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, таныстырылды.
Кездесу барысында студенттерге төмендегі мәселелер бойынша ақпарат берілді:
1. Тәртіп және құқық бұзушылық – оқу орнындағы тәртіп ережелері мен заң бұзушылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді.
2. Оқу процесі – студенттердің оқу процесіндегі міндеттері, сабаққа қатысуы және оқу тәртібі туралы айтылды.
3. Сабаққа қатысу – сабақтарды себепсіз 40 сағат және одан да көп жіберген жағдайда студентті оқудан шығару мәселесі түсіндірілді.
4. Оқу ақысы – оқу ақысын төлеу тәртібі мен оған қатысты талаптар туралы ақпарат берілді.
5. Емтихан және сессия – емтихан тапсыру тәртібі, сессия кезеңіндегі талаптар және академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттерге Академиялық адалдық кодексінің талаптарын сақтау, оқу тәртібін бұзбау және оқу процесіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі ескертілді.