28.04.2025
«Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» Республикалық әдістемелік десант жұмысы
2025 жылдың 30
сәуірінде Филология факультеті шетел тілдері кафедрасында болашақ университет
түлектерін кәсіби қолдауға байланысты ұйымдастырылатын «Болашақ педагогті
әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» атты республикалық
әдістемелік десант жұмысы өткізіледі.
Десант жұмысының мақсаты - ынтымақтастық меморандумы аясында болашақ педагогті
әдістемелік қолдауға бағытталған педагогикалық амалдар және озық тәжірибелер
бойынша білім алушылардың педагог- әдіскерлермен, шебер-ұстаздармен пікір
алмасу алаңын жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау тұрғысынан тәжірибе
алмасу.
Десант жұмысының міндеттері:
- Пән бойынша
мектептердегі оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру тұрғысынан озық тәжірибені
көрсету;
- педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша тренерлер мен шебер-педагогтердің білім алушылармен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
Десант жұмысын
ұйымдастырушылар: Абай
атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі,
PhD доктор - Серік Иватов, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор м.а. - Гүлсім Нурекешова.
Десант жұмысына қатысушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Шетел тілі: екі
шетел тілі» мамандығының бітіруші курс білім алушылары, ЖОО әдіскер-ғалымдар,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша КДИ әдіскер-тренерлері,
шебер-педагогтер.
Уақыты: 2025 жыл 30 сәуір, сағат 14.00 (офлайн/онлайн).