25.09.2026
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін шабыттандыру: Susanne Mayrhofer шеберлік сабағы
Халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында австриялық педагог Susanne Mayrhofer «7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранттарына шеберлік сабағын өткізді.
Susanne Mayrhofer – Инсбрук қаласындағы Тироль педагогикалық білім беру университеттік колледжінің (PHT) оқытушысы, білікті бастауыш сынып мұғалімі және арнайы әрі инклюзивті білім беру саласының педагогі.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыс жүргізудің заманауи әдістерімен танысты:
- Kamishibai театры арқылы әңгімелеу;
- цифрлық сторителлинг;
- PERMA-Teach білім беру бағдарламасы;
- бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік-эмоциялық дамуына бағытталған Heartbox әдістемесі.
Сонымен қатар Susanne Mayrhofer «Австрияның білім беру жүйесі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға педагогикалық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу магистранттарға халықаралық тәжірибемен танысуға, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және қолдаудың заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.
Susanne Mayrhofer ханымға мазмұнды шеберлік сабағы мен дәрісі, кәсіби тәжірибесі және шабыттандыратын педагогикалық идеялары үшін алғыс білдіреміз!