01.09.2025
Abai University QS Stars рейтингінде 5 жұлдызды иеленді
Құрметті әріптестер, студенттер, Abai University
қызметкерлері!
Сіздерді халықаралық QS Stars рейтингісінің нәтижесінде 5
жұлдызға ие болуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жетістік - бай тарихы мен берік дәстүрі бар Abai
University шежіресіне жазылған алтын әріптермен жазылатын ерекше белес!
Бұл жай ғана жоғары баға емес, бұл - Abai University-дің
халықаралық аренадағы және жаһандық академиялық қауымдастықтағы жетекші
деңгейде мойындалуы.
Аталған табыс - университетіміздің оқыту сапасының,
халықаралық әріптестігінің, инфрақұрылымының және инклюзивтігінің жоғары
деңгейін дәлелдейтін маңызды жетістік.
Бұл - университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға бағытталған бүкіл ұжымның жүйелі, күнделікті еңбегінің нәтижесі.
Бұған дейін мұндай жоғары бағаға Қазақстанда тек әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ ғана ие болған еді. Енді сол көшбасшылар қатарына Абай атындағы
ҚазҰПУ да қосылды!
Университет дамуына үлес қосып жүрген әрқайсыңызға алғысымды білдіремін. Бұл - барлығымыздың ортақ жеңісіміз!