23.09.2026
Филология факультеті мен №19 мектеп-гимназиясы ынтымақтастықты жаңа оқу жылында жалғастырады
2026 жылғы 23 қыркүйекте Филология факультеті мен Талғар ауданының №19 мектеп-гимназиясы 2026–2027 оқу жылында атқарылатын бірлескен жұмыстарды талқылады.
Кездесу барысында Академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы мен №19 мектеп-гимназиясы арасында оқу жылы барысында бірқатар бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, мектеп мұғалімдеріне арналған «Республикалық басылымдарда ғылыми мақала жариялау жолдары», «PISA және функционалдық сауаттылық: оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыптарында онлайн семинарлар, сондай-ақ «Абай сыры» тақырыбында кездесу ұйымдастыру жоспарланды.