22.09.2026
Өнер факультетінің докторанты Франциядағы «Восток» халықаралық фестиваліне қатысты
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультетінің «8D01416 – Көркем білім, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Айдарша Мереке Полатқызы Францияда өткен «Восток» халықаралық фестиваліне қатысты.
Халықаралық фестиваль 2026 жылғы 17–20 қыркүйек аралығында Париж қаласының маңындағы Le Moulin Jaune шығармашылық кеңістігінде ұйымдастырылды. Мереке Айдарша фестивальге Қазақстаннан шақырылған дәстүрлі тоқыма өнерінің шебері ретінде қатысып, еліміздің қолөнер мәдениетін халықаралық ортада таныстырды.
Фестиваль аясында докторант қазақтың дәстүрлі ақ басқұр тоқу және ши тоқу өнерлері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Қатысушыларға ұлттық бұйымдарды әзірлеудің негізгі кезеңдері мен тоқу технологияларын тәжірибе жүзінде көрсетіп, қазақтың дәстүрлі тоқыма өнерінің ерекшеліктерін таныстырды.
Аталған халықаралық іс-шараға қатысу қазақтың ұлттық қолөнерін әлемдік мәдени кеңістікте насихаттауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және халықаралық шығармашылық байланыстарды дамытуға мүмкіндік берді.