Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі құқықтық құжаттардың жүзеге асырылуы талқыланды

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі құқықтық құжаттардың жүзеге асырылуы талқыланды

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық күнтізбесіне сәйкес 8D01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары педагогикалық практикадан өтуде.

Аталған мамандықтың докторанты Мамаш Жазира (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Г.З.Таубаева) ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде (сағат 08:00-де) 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес 4-курс студенттеріне «Балаларды мектепалды даярлау» пәні бойынша «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі құқықтық құжаттардың жүзеге асырылуы» тақырыбында ашық сабақ (дәріс) жүргізді.

Дәріс барысында Ж.Мамаш Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарына, олардың білім беру үдерісін ұйымдастырудағы рөліне және талаптарының мектепке дейінгі ұйымдардың практикалық қызметінде жүзеге асырылу ерекшеліктеріне тоқталды. Оқыту барысында «Кейс баттл» (Fishbone), «Сарапшы бол», «Сөздік диктант» және қорытынды кезеңінде  My Join Quiz цифрлық платформасы тиімді қолданылып, сабақ мазмұны қызықты әрі тартымды форматта ұсынылды.

Ашық сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: А.Манкеш, Г.Таубаева, Г.Абилбакиева, сондай-ақ 2-курс докторанттары қатысты.

Артқа қайту