16.09.2026
Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің негізгі халықаралық және ұлттық нормативтік-құқықтық актілері талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық күнтізбесіне сәйкес 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары педагогикалық практикадан өтуде.
Аталған мамандықтың докторанты Архабаева Алтынай Қайратқызы (ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Қ.Қ. Шалғынбаева) ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде (сағат 14:00-де) 6В01802 – «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес 2-курс студенттеріне «Әлеуметтік жұмыстың нормативтік-құқықтық негіздері» пәні бойынша «Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің негізгі халықаралық және ұлттық нормативтік-құқықтық актілері» тақырыбында ашық сабақ (дәріс) жүргізді.
Дәріс барысында А.Архабаева Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реттейтін негізгі халықаралық және ұлттық нормативтік-құқықтық актілерге, олардың әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы рөліне және әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық нормалардың практикалық қызметте жүзеге асырылу ерекшеліктеріне тоқталды. Атап айтқанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және әлеуметтік қызмет көрсету саласын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұны қарастырылды.
Оқыту барысында білім алушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру және белсенділігін қамтамасыз ету мақсатында интерактивті әдістер мен цифрлық технологиялар тиімді қолданылды.
Ашық сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Қ.Қ. Шалғынбаева, Г. Таубаева, Г. Абилбакиева, сондай-ақ 2-курс докторанттары қатысты. Сабақ барысында студенттер тақырып бойынша пікір алмасып, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздері бойынша білімдерін бекітті.