Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен (SHNU) бірлескен Халықаралық студенттік форум Абай университетінде салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Тұрақты болашақты қамтамасыз етудегі білім берудің құндылығы» тақырыбындағы халықаралық форумды Абай университеті, Қытайдың Шанхай педагогикалық университеті және UNESCO Teacher Education Centre (TEC) ұйымдастырып отыр.

Форум бағдарламасы білім берудегі инновациялар мен мәдениетаралық диалог, жоғары оқу орны теориясы мен мектеп тәжірибесін ұштастыруды қамтып отыр. Сондай-ақ, педагог кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беруді трансформациялау құралы ретінде пайдалану, инклюзивті білім беру мәселелерін жан-жақты сөз етті.
Қатысушылар білім берудің жаһандық сын-қатерлерін талқылап, тұрақты болашаққа бағытталған жаңа білім беру архитектурасын қалыптастырудың инновациялық жолдарын ұсынды. Экспресс-баяндамалар тыңдалып, Орталық Азия мен Қытайдағы педагогикалық білім беру жүйесінің сапасы мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.

Бағдарламада «Тұрақты даму мақсаттары: жастардың болашақ туралы диалогы» зияткерлік ойыны, Global Open Talk форматында «Әртүрлі елдердегі студенттік өмір» тақырыбында талқылау өтіп, әр елден келген жастар өздерінің оқу, қоғамдық және мәдени тәжірибелерімен ортаға салды. Сонымен қатар, іс-шара аясында Абай университеті мен Шанхай педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арнаған арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Үш күндік іс-шара барысында делегаттар алдағы уақытта Алматының білім беру және мәдени нысандарымен танысып, Алматы менеджмент университетіне, ҚазҰҚПУ-ға және NGS бастауыш әрі орта мектептерін аралайды. Болашақ педагог мамадардың басын қосатын Халықаралық студенттік форум келесі жылы Шанхай қаласында өтпек.
Ақпарат көзі: aqshamnews.kz