16.09.2026
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін Алматыда 16–18
қыркүйек аралығында өтетін Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен (SHNU)
бірлескен Халықаралық студенттік форум Абай университетінде салтанатты түрде
ашылды. «Тұрақты болашақты қамтамасыз етудегі білім берудің құндылығы»
тақырыбындағы халықаралық форумды Абай университеті, Қытайдың Шанхай
педагогикалық университеті және UNESCO Teacher Education Centre (TEC)
ұйымдастырып отыр.
Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдерінің серіктес
ұйымдары арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту, студенттердің
білім беру жүйелерінің құндылықтары туралы түсінігін кеңейту және тұрақты білім
беруді қамтамасыз ету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру. Форум
Орталық Азия елдері мен Қытайдың болашақ педагогтарын біріктіріп, білім берудің
тұрақты болашақты қалыптастырудағы рөлін талқылауға, тәжірибе алмасуға және
халықаралық студенттік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Форумды университеттің
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Исқақова
ашып, UNESCO Teacher Education Centre (TEC) Орталық Азия бойынша байланыс
жөніндегі өкілі Ли Жуймяо қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.
Форум бағдарламасы білім берудегі инновациялар мен мәдениетаралық диалог,
жоғары оқу орны теориясы мен мектеп тәжірибесін ұштастыруды қамтып отыр.
Сондай-ақ, педагог кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері, жасанды интеллект пен
цифрлық технологияларды білім беруді трансформациялау құралы ретінде пайдалану,
инклюзивті білім беру мәселелерін жан-жақты сөз етті.
Қатысушылар білім берудің жаһандық сын-қатерлерін талқылап, тұрақты
болашаққа бағытталған жаңа білім беру архитектурасын қалыптастырудың
инновациялық жолдарын ұсынды. Экспресс-баяндамалар тыңдалып, Орталық Азия мен
Қытайдағы педагогикалық білім беру жүйесінің сапасы мен тұрақтылығын арттыруға
бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.
Форум аясында ЮНЕСКО, Шанхай педагогикалық университеті мен Teacher
Education Centre (TEC) өкілдері баяндама жасады. Жас зерттеушілер өздерінің
ғылыми ізденістерін таныстырып, білім берудің заманауи бағыттары бойынша пікір
алмасты.
Бағдарламада «Тұрақты даму мақсаттары: жастардың болашақ туралы диалогы»
зияткерлік ойыны, Global Open Talk форматында «Әртүрлі елдердегі студенттік
өмір» тақырыбында талқылау өтіп, әр елден келген жастар өздерінің оқу, қоғамдық
және мәдени тәжірибелерімен ортаға салды. Сонымен қатар, іс-шара аясында Абай
университеті мен Шанхай педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықты
дамытуға арнаған арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесуде студенттер мен оқытушыларға арналған бірлескен бағдарламалардың
негізгі бағыттары нақтыланып, SHNU базасында студенттердің академиялық
ұтқырлығын ұйымдастыру, халықаралық зерттеу жобаларына қатысу, ғылыми мерзімді
рецензияланатын басылымдарға ортақ мақалалар дайындау жөніндегі бағыттар
айқындалды.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – халықаралық студенттік зерттеу жобалары
мен конкурстар өткізу. Болашақ мұғалімдерге арналған микробіліктілік курстарын
да білім беру бағдарламаларының қатарына енгізу қарастырылды. Бұл бастамалар
студенттердің зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, халықаралық академиялық
ортадағы тәжірибесін кеңейтуге және кәсіби байланыстарын нығайтуға мүмкіндік
береді.
Оқытушылар үшін кәсіби біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, Scopus,
Web of Science және өзге де рецензияланатын басылымдарда бірлескен ғылыми
мақалалар әзірлеу, Шанхай қаласы мен SHNU гранттық жобаларына тарту, тұрақты
даму мақсаттары бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарын әзірлеу күн тәртібіне шығарылды. Тараптар ЮНЕСКО сарапшыларын даярлау, салыстырмалы білім беру, жасанды
интеллект және цифрлық білім беру салаларында қос дипломды білім беру
бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін талқылап, Қытай және Орталық Азия білім
беру мәселелерін бірлесе зерттеу жобаларына басымдық беруді жоспарлап отыр.
Үш күндік іс-шара барысында делегаттар алдағы уақытта Алматының білім беру және мәдени нысандарымен танысып, Алматы менеджмент университетіне, ҚазҰҚПУ-ға және NGS бастауыш әрі орта мектептерін аралайды. Болашақ педагог мамандардың басын қосатын Халықаралық студенттік форум келесі жылы Шанхай қаласында өтпек.
«Abai University» медиа орталығы