15.09.2026
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН КАНВОН УНИВЕРСИТЕТІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Кореяның Канвон
ұлттық университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. «Орталық
Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қол жеткізілген бұл әріптестік
екіжақты тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік бермек.
Саммит барысында өткен екі елдің
жоғары оқу орындары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою
рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Абай
атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Анапияұлы мен Канвон ұлттық
университетінің ректоры Чон Джэ Ён қол қойған бұл құжат алдағы уақытта Абай университеті
мен Канвон университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайта түспек.
Атап айтқанда, екіжақты келісім студенттердің
академиялық ұтқырлығы мен оқытушылар және зерттеушілердің өзара тәжірибе
алмасуын жаңа сатыға көтереді. Сонымен қатар, екі университеттегі ғылыми
басылымдар мен білім беру саласындағы зерттеу материалдары деректерін алмасу және
трансұлттық білім беру бағдарламаларын дамыту бағытын қамтиды.
Меморандум негізінде Абай университеті
шетел тілдері кафедрасының «6B01728 – Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру
бағдарламасы бойынша Канвон ұлттық университетімен бірлескен 2+2 және 3+1
форматтарында қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарланған. Жаңартылған
келісім студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті мен Кангвон ұлттық университеті арасындағы
серіктестікті жаңа белеске көтереді деп күтілуде.
«Abai University» медиа орталығы