«Computational Models and Technologies» (СМТ2026) атты 4-ші Халықаралық ғылыми конференция

«Computational Models and Technologies» (СМТ2026) атты 4-ші Халықаралық  ғылыми конференция

2026 жылдың қыркүйек айының 4-5 аралығында Ташкент Қаласындағы Өзбекстан Ұлттық Университетінде «Computational Models and Technologies» (СМТ2026) атты 4-ші Халықаралық ғылыми конференция өтті.Конференцияға Индия, Малайзия, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан т.б мемлекеттерден аты әлемге әйгілі ғалымдар бастап келген делегациялар қатысты.Конференцияның арнайы ұйымдастырушыларының құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ бар болғандықтан Қазақстандағы елу үздік ғалымдар тобына кірген ф.м.ғ.д., профессор А. С. Бердышев, «Құрмет» орденінің, «ЖОО» үздік оқытушысы грантының бірнеше дүркін иегері, ғылым мен білім саласының белгілі маманы университет профессоры А. Біргебаев бастап барған сегіз жас ғалымдар қатысты. Олардың ішінде PhD доктаранттарға жетекшілік жасап жүргендері де бар (Шияпов Қ.М., Абдраманов Ж. т.б.).Конференцияны Өзбекстан Ғылым академясының президенті әйгілі ғалым Ш.А Аюпов ашты. Өзбекстан ұлттық университетінің ректоры Л.У. Маджидов конференция жұмысына табыс тілеп, әр мемлекеттен келген ғалымдарға рахмет айтып ұлттар достығы ғылым арқылы жалғасын таба берсін деп өз сөзін аяқтады. Конференцияның пленарлық жұмысында Индия, Малайзия мемлекеттерінен келген ірі ғалымдармен бірге математиканың іргелі салалары туралы А.С.Бердышев баяндама жасады. Мақала үздік мақала ретінде атап өтіліп авторына бағалы сыйлық пен «Үздік баяндама» сертификаты тапсырылды. Одан әрі секция жұмыстарында барған ғалымдардың барлығы конференция бағдарламасы бойынша баяндама жасады. «Дифференциялдық теңдеулер» секциясында « On the Separability of a Fourth-Order Differential Operator in the Banach space» тақырыбына жасалған А. Біргебаевтвың баяндамасы да секция жетекшісі Новосибирск ірі математика мектебінің түлегі ф.м.ғ.д. профессор С.А. Жамаловтың және қатысушылардың ыстық ықыласына ие болып, ризалық көңілмен қол шапалақтауға ұласты. Соңынан ол маған сіз жас ғалымдарға ғылыми баяндаманы қалай жақсы жасаудың үлгісін көрсеттіңіз деп қолымда алып, рахмет айтты.

Артқа қайту