07.09.2026
«Педагог көшбасшылығы: білім берудегі өзгерістердің жаңа архитектурасы» атты халықаралық нетворкинг өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 2026 жылдың 14 қыркүйегінде «Педагог көшбасшылығы: білім берудегі өзгерістердің жаңа архитектурасы» атты философия докторы, қауымдастырылған профессор Алимбекова Анар Аймолдақызының 60 жас мерейтойына арналған халықаралық нетворкинг өткізеді.
Халықаралық нетворкинг жұмысының бағыттары:
1. Педагог
көшбасшылығы: білім беру трансформациясының стратегиялық ресурсы;
2. Педагогтің
кәсіби капиталы: көшбасшылық, құндылықтар және өзгерістер мәдениеті;
3. Білім беру
экожүйесіндегі серіктестік: кәсіби қауымдастықтар және халықаралық ықпалдастық;
4. Педагогикалық
білімнің трансформациясы: болашақ педагогтің көшбасшылық әлеуетін дамыту
Мақсаты: педагог
көшбасшылығын білім беру жүйесіндегі стратегиялық өзгерістердің қозғаушы күші
ретінде зерделеу, педагогтің кәсіби капиталы мен көшбасшылық әлеуетін дамытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздерін талқылау, отандық және халықаралық тәжірибелерді
ықпалдастыру арқылы кәсіби серіктестік пен академиялық ынтымақтастықты нығайту,
сондай-ақ педагогикалық білім беруді трансформациялау жағдайында бәсекеге
қабілетті, бастамашыл және өзгерістерді басқаруға қабілетті педагог даярлаудың
басым бағыттарын айқындау.
Қатысушылар:
Білім беру жүйелерінің басшылары, педагогтері, біліктілікті көтеру салаларының мамандары, қалалық
білім бөлімдерінің өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар,
магистранттар.
Нетворкинг
жұмысының ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдарды рәсімдеу тәртібі
Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен
(шрифт өлшемі - 12, әр жол арасы - 1,0, барлық жағынан жол жиегі - 20 мм, азат жол - 1,25 см.) жазылуы тиіс.
Негізгі талаптар: Бастапқы жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады.