Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары Республикалық Тамыз кеңесіне қатысты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары Республикалық Тамыз кеңесіне қатысты

2026 жылы 28 тамызда Алматы қаласында Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының республикалық Тамыз кеңесі өтті. Кеңестің мақсаты – мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, ерте даму, ұлттық құндылықтар, білім берудегі сабақтастық және білім сапасын арттыру бағыттары бойынша тәжірибе алмасу. «Жаңа конституция құндылықтары негізіндегі метепке дейінгі білім: сапа, ұлттық тәрбие, сабақтастық» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің секциялық отырысында Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушылары Жақупова Алтынай Жұмабекқызы мен Еркебаева Сәуле Жомартовна спикер ретінде қатысып, кәсіби тәжірибесі мен ғылыми-практикалық ізденістерімен бөлісті.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін Жакупова А.Ж. 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы (ЖТН  АР25795211) ғылыми жобасының жетекшісі ретінде  «Таза Қазақстан» құндылықтары негізінде: экологиялық құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері» атты тақырыпта сөз сөйледі.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кәсіби әлеуетін арттыруда Еркебаева С.Ж. «Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында ғылыми-әдістемелік тәжірибесімен бөлісті. 

Артқа қайту