04.09.2026
Бастауыш білім беру кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтеді
2026 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті Бастауыш білім беру кафедрасында 8D013 – «Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау (6D010200/8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Жанкушков Бауыржан Оразайұлының «Электронды ресурстар арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясы кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн
және онлайн форматта өткізіледі.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - қазақ тілінде. Қорғау түрі - диссертация.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Амирова Амина Слямхановна – педагогика
ғылымдарының докторы, Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Гокхан Атик – PhD доктор, Анкара университетінің профессоры (Анкара,
Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Текесбаева Анар Молдакыновна - педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы
қ., Қазақстан);
Стамбекова Асель Серкебаевна - педагогика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Туралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы - PhD доктор,
қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
(Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM:
Идентификатор:
https://zoom.us/j/95658434861?pwd=KHI7YKacjE0cn6l7NC2oi0sHCABjGY.1
Код: https://zoom.us/launch/jc/95658434861
Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би 31, Педагогика және психология факультеті (2-қабат, 13-кабинет).