02.09.2026
4-курс білім алушылары үшін педагогикалық іс-тәжірибенің бағыт беру конференциясы
2026 жылдың 1 қыркүйек күні Биология мамандығының 4 курс білім алушылары үшін педагогикалық іс-тәжірибенің бағыт беру конференциясы өтті. Конференцияға кафедра меңгерушісі, практика жетекшілері мен студенттер қатысты.
Конференцияда кафедра меңгерушісі А.Д.Майматаева студенттерге 4 курста оқытылатын пәндері мен практика барысында диплом жұмыстарының тәжірибе бөлімін орындау талаптарын атап өтті.
Практикаға жауапты Г.С.Камиева білім алушыларға педагогикалық іс-тәжірибенің мақсат-міндеттерін таныстырды.
Конференцияның мақсаты — студенттердің тәжірибе барысындағы жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағыт беру. Конференция барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптарын алды.