02.09.2026
ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА PHD ДИПЛОМДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп университетте
диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғаған 29 докторантқа философия докторы (PhD)
дипломдарын салтанатты түрде табыс етті.
Іс-шараға
Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан, Диссертациялық
кеңестердің төрағалары, Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды даярлау
департаментінің қызметкерлері, жас ғалымдар мен оқытушы-профессорлар
қатысты.
Салтанатты жиында Болат
Анапияұлы жас ғалымдарды айтулы жетістіктерімен құттықтап,
олардың ғылыми ізденістеріне жоғары баға берді. «Докторлық
диссертацияны сәтті қорғау – бірнеше жылдық табанды еңбектің, ғылыми ізденістің
және үлкен жауапкершіліктің нәтижесі» екенін айтқан
ректор ғылыми атаққа ие болған ғалымдардың ел дамуы мен өркендеуіне
қызмет ететіндеріне сенім білдірді.
Биыл PhD
дәрежесіне ие болған жас ғалымдар педагогика, филология, жаратылыстану
ғылымдары, математика, мәдениеттану, көркем білім және басқа да ғылыми бағыттар
бойынша зерттеулер жүргізген. Атап айтқанда, Бейкитова Альбина
Нурахмятовнаға «6D011600
– География»
мамандығы, Әбілтаева Әсем Исламбекқызына «8D01513 – Биология»
білім беру бағдарламасы, Оразов Бексултан Даулетовичке «8D01502
– Физика»
білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Ал қазақ
тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Тургунов Еркинбек Серикбаевич, Кдыралиева Жандай
Байганиновна, Игенбай Тоқжан Ербосынқызы, Клычниязова Гульнар Нургалиевна,
Мубарак Назерке Елубекқызы, Мажиева Назым Айтбайқызы, Дауткулова Акмарал
Калиярбековна және Бекбенбетова Казына Асановна PhD ғылыми атақтарын иеленді. Мектепке дейінгі
және бастауыш білім беру бағытында да Каримова Разия
Елеупановна, Сарсенбаева Гульназ Хамидоллаевна, Хабиева Дина Гарифоллиевна,
Сахипова Гаухар Кутыбаевна, Баймаханбетова Марал Абаевна, Иксатова Балжан
Касымовна және Калбергенова Шолпан Болатовна PhD дәрежесін иеленді.
Сонымен қатар
арнайы педагогика, орыс тілі мен әдебиеті, математика, география, биология,
мәдениеттану, көркем білім, графика және жобалау бағыттары бойынша да бірқатар
докторант PhD дәрежесіне ие болды. Олардың қатарында Пономарев Роман
Дмитриевич, Задаева Алмагуль Абдоллаевна, Кунтуарова Арай Довлетбаевна,
Закариева Зарует Алмазовна, Калелова Гульфат Жанболатовна, Алипина Куралай
Бауржановна, Аубакир Айдана Ганиқызы, Абдуразакова Гаухар Абдикаримовна,
Бурибеков Онласын Сеитжаппарович, Шири Масуме Алиакбар, Кабылбек Кулшаш және
басқа да жас ғалымдар бар.
Бүгінде Абай университетінде 27
білім беру бағдарламасы бойынша 18 Диссертациялық кеңес жұмыс істейді.
Биылдың өзінде осы кеңестерде 65 докторлық диссертация сәтті
қорғалды. Оның ішінде 17 диссертациялық жұмысты басқа жоғары оқу орындарының
докторанттары қорғаған.
«Abai University» медиа орталығы