Абай атындағы ҚазҰПУ 2026-2027 оқу жылына төмендегі лауазымдар бойынша бос жұмыс орындарына байқау жариялайды

«Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті» КеАҚ  (бұдан әрі – Университет) 2026-2027 оқу жылына төмендегі лауазымдар бойынша бос жұмыс орындарына байқау жариялайды

1.      Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканының оқу және ғылым жөніндегі орынбасары – 1

2.      Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1

3.      Филология факультеті деканының оқу және ғылым жөніндегі орынбасары – 1

4.      Филология факультеті деканының  халықаралық байланыстар және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары – 1

5.      Тарих және құқық факультеті деканының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары – 1

6.      Тарих және құқық факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1

7.      Тарих және құқық факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1

8.      Жаратылыстану және география факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1

9.      Жаратылыстану және география факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1

10.  Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті деканының оқу және ғылым жөніндегі орынбасары – 1

11.  Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті деканының халықаралық байланыстар және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары – 1

12.  Педагогика және психология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1

13.  Педагогика және психология факультеті деканының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары – 1

14.  Педагогика және психология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 1

15.  Өнер факультеті деканының оқу, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары – 1

16.  Өнер факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1

17.  Әлем тілдері факультеті деканының оқу және ғылым жөніндегі орынбасары – 1

18.  Әлем тілдері факультеті деканының халықаралық байланыстар және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары – 1

19.  Математика және физика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1

20.  Математика және физика факультеті деканының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары – 1

21.  Математика және физика факультеті деканының әлеуметтік -тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1

22.  Сорбонна-Қазақстан институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1

23.  Сорбонна-Қазақстан институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары – 1

24.  Сорбонна-Қазақстан институты директорының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), не магистр дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе оқу жұмысы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

Факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы) не магистр дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

Факультет деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы) не магистр дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе ғылыми жұмысы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға университеттің Кадр саясаты басқармасына (электрондық және қағаз нұсқада) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы белгіленген нысанда  өтініші (1-Қосымша);

2) үміткердің 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті электрондық фотосуретімен қызметтік тізімі (2-Қосымша);

3) үміткердің электрондық және қағаз форматтағы сауалнамасы  (3-Қосымша*);

4) жеке куәліктің көшірмесі;

5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмесі, салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;

6) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жылдағы).

7) шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);

8) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 3 жылдағы);

9) № 075 формасындағы медициналық анықтама немесе санитарлық кітапша, флюрография;

10) наркологиялық, психоневрологиялық ұйымдарда есепте жоқ екенін растайтын анықтама;

11) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

13) даму бағдарламасының жобасы (көлемі 5-6 слайдтан аспауы тиіс);

14) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т.б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы.

Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.

Конкурсқа қатысуға құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болса, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін өтініш берген тұлғаға қайтарылады.

Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі:  хабарландыру жарияланған күннен бастап 2026 жылдың «11» қыркүйегіне дейін (қоса алғанда).


Құжаттарды қабылдау:

1) жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет;

2) Алматы қ., Достық көшесі 13 (102 кабинет, 1 қабат)  мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады;

3) Abai Digital  жүйесінде (https://abai.digital/ )  қажетті ақпараттарды толтыру қажет.

Анықтама телефоны: 8(775) 424 39 31

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

* Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі:

Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған «Үміткердің анкетасы» бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады;

сауалнамаларды толтыруды үміткерлер «өлшеу жиілігі» сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді.