Педагогтік қайта даярлау бағдарламасы (PGCE)

Педагогтік қайта даярлау бағдарламасы (PGCE)

Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындау үшін қажетті ғылымның, техника мен технологияның жекелеген пәндерін, бөлімдерін зерделеуді көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білімді, іскерлікті және дағдыларды игеруге бағытталған. 

Курсты педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін жоғары оқу орны жүргізеді. 

 

Педагогтік қайта даярлау курсының білім беру бағдарламаларының тізбесі (PGCE) 

 

1. 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті 

2. 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті 

3. 6В01703 Шет тілі: екі шет тілі 

4. 6В01705 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 

5. 6В01402   Музыкалық білім 

6. 6В0l 4l6   Көркем білім 

7. 6В01420   Еңбек және кәсіпкерлік негіздері 

8. 6В01404   Дене шынықтыру және спорт 

9. 6В01501   Математика 

10. 6В01504   Физика 

11. 6В01507   Информатика 

12. 6В01510   Химия 

13. 6В01513   Биология 

14. 6В01515   География 

15. 6В0l 601   Тарих 

16.  6В01902 Арнайы педагогика: Логопедия 

 

Оқу бағдарламасының ұзақтығы 7 ай 

Бағдарлама тек мамандардың қажеттіліктеріне және педагогтік дағдылардың қарқынды тәжірибесіне бағытталған.  

Педагогтік қайта даярлау курстарын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға өткен пәндерді көрсете отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өз үлгісіндегі сертификаты беріледі. 

Кредиттер саны – 60 ECTS (1800 академиялық сағат) 

 Құжаттар 2026 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: 

Алматы қаласы, Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 205 

Байланыс нөмірлері: +7 701 577 1142, +7 701 739 0431 

 

Қажетті құжаттардың тізбесі: 

 

1. ЖОО басшысының атына өтініш; 

2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

3. білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (диплом қосымшасымен); Диплом мен қосымшаның көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады. 

4. өлшемі 3х4 см болатын 2 фотосурет; 

5. 075/У нысанындағы медициналық анықтама; 

6. Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар.  

 

Артқа қайту