26.05.2026
ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫНА БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕСІ
Құрметті студенттер!
Сіздерді 2026–2027 оқу жылына арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде білім алу бағдарламасына бакалавриат студенттері (грант пен шартты негізде оқитындар) арасындағы конкурстық іріктеуден сәтті өтулеріңізбен құттықтаймыз!
Бұл іріктеуден өту — сіздердің терең білімдеріңізді, мақсаттылығыңыз бен кәсіби дамуға деген ұмтылыстарыңызды дәлелдейтін үлкен жетістік. Шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алу халықаралық тәжірибе жинақтауға, академикалық өсуге және жаңа мәдениеттермен танысуға бірегей мүмкіндік береді.
Төменде іріктеуден өткен үміткерлердің негізгі және резервтік тізімдерін жариялаймыз.
Сіздерге сәтті сапар, нәтижелі оқу және жарқын әсерлер тілейміз!