21.05.2025
Мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтумен құттықтау
Құрметті
әріптестер, студенттер, серіктестер және түлектер!
Сіздерді 20 білім
бағдарламасының Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық Орталығы (АҚТО)
мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл - барлық білім беру үдерісіне қатысушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
19 ББ 5 жыл мерзімге, ал 1 ББ - 6В04211 Халықаралық құқық (қос дипломды
бағдарлама) 7 жыл мерзімге аккредиттелді.
- Профессор-оқытушылар құрамына - кәсібилігі, жауапкершілігі және жоғары академиялық стандарттарға адалдығы үшін;
- Студенттерге
- белсенді қатысуы, мотивациясы және білімге ұмтылысы үшін;
- Жұмыс берушілерге - білім бағдарламаларын дамытуға қосқан үлесі мен кадрлар даярлау сапасын бағалауға қатысқаны үшін;
- Түлектерге
- қолдауы мен алған білімге берген жоғары бағасы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз
Бұл - біз бірлесе қол
жеткізген ортақ жетістік! Баршаңызға шабыт, жаңа жеңістер мен тұрақты даму
тілейміз. Алдағы уақыт жаңа табыстар мен шабыт сыйласын!
Институционалдық
тиімділік Кеңсесі