28.05.2025
«IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) - 2025» Халықаралық рейтингісінің нәтижелері
Құрметті әріптестер!
Сіздерді
«IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) - 2025» Халықаралық рейтингінде жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «ТОП-20» Жалпы рейтингі нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ 4-орынға ие болды. Ал Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында университетіміз көш бастап, 1-орынға ие болды.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамының «ТОП-50» жалпы рейтингісіне университетіміздің
3 оқытушысы енді:
· Хамзина Ж.А. -
22-орын,
· Косов В.Н. -
34-орын,
· Бердышев А.С. -
50-орын.
«Педагогикалық
ғылымдар» бағыты бойынша ғылым салаларына арналған институционалдық рейтинг
нәтижесінде университетіміз бакалавриат және докторантура деңгейлері бойынша
1-орынға, ал магистратура деңгейі бойынша 2-орынға ие болды.
Қазақстан
Республикасы жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары топтары бойынша
рейтингіде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 71 білім бағдарламасы жүлделі орындарға ие
болды. Олардың ішінде:
· 36 ББ - 1-орын,
· 19 ББ - 2-орын,
· 16 ББ - 3-орын
алды.
Институционалдық тиімділік кеңсесі