АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ: ҚОС ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Заманауи еңбек нарығында бір елдің шеңберіндегі біліммен шектелуге болмайды. Абай университеті студенттерге отандық және шетелдік озық тәжірибені тең ұштастырудың бірегей жолын ұсынады. Оқу орны бір мезетте екі бірдей жетекші университет дипломын алуға мүмкіндік беретін қос дипломды білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл – жаһандық бәсекеде кәсіби тұрғыдан екі есе жылдам әрі сапалы дамудың және халықаралық деңгейде беделді мансап құрудың тиімді жолы.


Бүгінде Абай университеті Еуропа мен Азияның іргелі жоғары оқу орындарымен тығыз серіктестік орнатып, ауқымды бағдарламалар желісін қалыптастырған. Мұндай ынтымақтастық байланыстар студенттердің өзге елде білім алып, тілдік әрі мәдени ортаға еркін бейімделуіне жол ашады. 


Франция бағыты: Лотарингия университеті

Еуропалық білім берудің алтын стандарты саналатын Францияның Лотарингия университетінің филиалы Абай атындағы ҚазҰПУ базасында құқық, педагогика және мемлекеттік басқару бағытында сәтті жұмыс істеп келеді. Мұнда бакалавриат бойынша келесі мамандықтар ұсынылады:

  • «6B01722 – Француз тілі мұғалімдерін даярлау»
  • «6B03123 – Халықаралық қатынастар және адам құқықтары»
  • «6В04116 – Экономика»
  • «6B04119 – Маркетинг»
  • «6B04118 – Қаржы»
  • «6B04117 – Менеджмент»
  • «6B04211 – Халықаралық құқық»
  • «6B11108 – Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»

Оқу сапасын қамтамасыз ету үшін студенттерді іріктейтін бірлескен қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Үміткерлер француз тілін қарқынды меңгеруге дайын болуы тиіс және диплом алу үшін Францияда кемінде бір семестр академиялық ұтқырлықтан өту міндетті шарт. Бұл өз кезегінде келешекте бірлескен магистратура мен докторантура деңгейінде білім алуға тікелей жол ашады.


Сорбонна-Қазақстан институты және Пуатье университеті

Франциямен арадағы тағы бір флагмандық жоба Пуатье университеті мен Абай университеті жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтымен берік орнаған. Бұл бағдарлама «6B04107 – Экономика» бакалавриаты мен «7M01720 – Шетел тілі: екі шетел тілі» магистратурасы деңгейінде қос диплом алуға мүмкіндік береді. Экономика бағыты бойынша алғашқы екі оқу жылының транскрипті негізінде 120 ECTS кредитін меңгерген студенттер іріктеледі. Олар 5-семестрді Пуатье университетінде, ал 6-семестрді Сорбонна-Қазақстан институтында өткізеді. Тіпті дипломдық жобаны қашықтан қорғау мүмкіндігі де қарастырылған.


Польша бағыты: Помор университеті

Еуропа елдерінде білім алуды көздейтіндер үшін Польшаның Помор университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламалар ашық. Студенттер бакалавриат бойынша «6B01721 – Орыс тілі мен әдебиеті», ал магистратура бағытында «7M01721 – Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білім ала алады. Аталған бағдарламаларға үміткерлерді іріктеу үшін арнайы бірлескен комиссия жұмыс істейді. Іріктеу барысында студенттердің транскрипт көрсеткіштері мен поляк тілін меңгеру деңгейі негізге алынады.



ТМД бағыты: Мәскеу және Минск университеттері

Халықаралық байланыс мұнымен тоқтамай, ТМД-ның іргелі жоғары оқу орындарымен магистратура деңгейіндегі серіктестікпен толыққан. Осы орайда Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен бірлескен «7M01303 – Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім» бағдарламасы бар. Сондай-ақ, психология саласы бойынша М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесе отырып, «7M03122 – Психотерапия негіздері бар клиникалық психология» магистратура бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.


Абай университетімен бірге әлемдік деңгейдегі маман болуға қадам басыңыз!


«Abai University» медиа орталығы