Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Гүлжайна Құралбайқызы Қасымова қазіргі уақытта Индонезия Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Universitas Negeri Yogyakarta (UNY) университетінде халықаралық Post-Doctoral Researcher бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама Universitas Negeri Yogyakarta университетінің EQUITY (Enhancing Quality Education for International University Impact and Recognition) халықаралық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және жоғары рейтингті халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар санын көбейту.

Ғылыми тағылымдама барысында Гүлжайна Құралбайқызы педагогика және психология салаларындағы өзекті ғылыми зерттеулермен айналысып, халықаралық ғалымдармен тәжірибе алмасуда, сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар әзірлеуге қатысуда. Сонымен қатар, ол докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына сарапшылық қолдау көрсетіп, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуда. Аталған бағдарлама қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануына, әлемдік зерттеу орталықтарымен әріптестікті дамытуға және отандық ғылымның беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Педагогика және психология факультетінің ұжымы әріптесіміз, қауымдастырылған профессор, PhD доктор Гүлжайна Құралбайқызы Қасымованы халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуімен құттықтай отырып, ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа жетістіктер, нәтижелі халықаралық ынтымақтастық, шығармашылық табыс және ғылыми ізденістеріне толағай жетістіктер тілейді. Ғылым жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалар мен жобалардың жүзеге асуына септігін тигізсін!

Артқа қайту