ABAI UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНДА

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жүргізген зерттеу (бағалау) нәтижелері бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті биыл да педагогикалық бағыттағы ең үздік университет болып танылды. Ал еліміздің үздік 20 жоғары оқу орнының арасында 4-орынға ие болды.

Рейтингті қалыптастыру барысында студенттер мен оқытушылардың жетістіктері, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықтың дамуы, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, сондай-ақ ғылыми жарияланымдар мен зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігі ескерілді. Мұндай тәсіл университеттің білім беру сапасы мен академиялық беделін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ 2023 жылдан бері Қазақстанның үздік жоғары оқу орнының қатарынан тұрақты орын алып келеді. Университеттің рейтинг көшбасшылары қатарындағы тұрақты көрсеткіші оның орнықты дамуын және еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі жетекші позициясын айқын дәлелдейді. 

«Abai University» медиа орталығы