24.06.2026
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕМТИХАН ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Еліміз бойынша педагогикалық мамандықтарды таңдаған талапкерлер үшін ҰБТ-дан бөлек тағы бір міндетті кезеңнен өтеді. Ол – арнайы педагогикалық емтихан. Бұл сынақтан сәтті өту – педагогикалық бағыттар бойынша грант конкурсына қатысудың немесе ақылы бөлімге оқуға түсудің міндетті шарты. Көптеген мектеп бітіруші түлектер бұл сынақтың қалай өтетіні, сұрақтар құрылымы қандай болатыны жайлы біле бермейді. Сондықтан бүгінгі сөз педагогикалық емтихан туралы болмақ.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуды жоспарлап отырған грантқа үміткерлер үшін ең маңызды жайт: емтиханды 13 шілдеге дейін, яғни грант конкурсына құжаттар қабылдау аяқталғанға дейін тапсырып үлгеру қажет. Жалпы алғанда, 2026 жылғы ереже бойынша құжаттарды қабылдау және емтихан өткізу 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Емтиханды кез келген жоғары оқу
орнының қабылдау комиссиясында тапсыруға болады. Ол дәстүрлі (күндізгі)
форматта да, ЖОО платформасындағы талапкердің жеке кабинеті арқылы
онлайн-режимде де қабылдана береді. Ең бастысы, сіздің қолыңызда емтиханды
сәтті тапсырғаныңызды растайтын, ЖОО мөрі басылған немесе арнайы QR-коды бар
құжат болуы шарт.
Бұл сынақ мектеп бағдарламасының
теориялық білімін емес, талапкердің тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін
анықтауға бағытталған. Тестілеудің негізгі мәні – ситуациялық педагогикалық
кейстерді шешу. Сізге мектеп өмірінен немесе психологиялық тәжірибеден алынған
арнайы сценарийлер ұсынылады, ал сіздің міндетіңіз – сол жағдаяттардан шығудың
ең дұрыс шешімін таңдау. Осы арқылы бойыңыздағы балалармен жұмыс істеуге деген
бейімділік, қарым-қатынас дағдылары, эмпатия деңгейі және күйзеліске төзімділік
бағаланады.
Нәтижелерді бағалау жүйесінде
ешқандай ұпай қойылмайды. Тестілеу қорытындысы бойынша сіз тек «Өтті» немесе «Өтпеді»
деген нәтиженің біріне қол жеткізесіз.
Абай университетінде арнаулы
дайындықты және осы емтиханды тапсыруды талап ететін білім беру бағдарламалары
топтарының тізімі келесідей:
·
B001 – Педагогика
және психология
·
B002 – Мектепке
дейінгі оқыту және тәрбиелеу
·
B003 – Бастауышта
оқыту педагогикасы мен әдістемесі
·
B008 – Құқық және
экономика негіздері мұғалімдерін даярлау
·
B009 – Математика
мұғалімдерін даярлау
·
B010 – Физика
мұғалімдерін даярлау
·
B011 – Информатика
мұғалімдерін даярлау
·
B012 – Химия
мұғалімдерін даярлау
·
B013 – Биология
мұғалімдерін даярлау
·
B014 – География
мұғалімдерін даярлау
·
B015 – Гуманитарлық
пәндер мұғалімдерін даярлау
·
B016 – Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімдерін даярлау
·
B017 – Орыс тілі мен
әдебиеті мұғалімдерін даярлау
·
B018 – Шет тілі
мұғалімдерін даярлау
·
B019 – Әлеуметтік
педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
·
B020 – Арнайы
педагогика
·
B018 – Шет
тілі мұғалімдерін даярлау (KZ-FR)
Тестілеу белгіленген кесте
бойынша 20 маусымнан бастап аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері таңертең
және түстен кейін өткізіледі. Ал грант конкурсына құжат қабылдаудың қызған шақта,
яғни 13.07.2026–20.07.2026 аралығында емтихан күнделікті ұйымдастырылады.
«Мұғалім» атты ардақты мамандыққа
қадам басқан жолыңызда сәттілік тілейміз. Абай университеті сізді асыға күтеді!